Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген.
А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
Бүгін, 19 мамырда төрт ойын өткізіледі.
Ойындар күнтізбесі
19:20. Канада — Норвегия
19:20. Латвия — Финляндия
23:20. Дания — Словакия
23:20. Швейцария — Ұлыбритания.
Айта кетсек, 20 мамырда төрт ойын өтті. Онда Канада, Финляндия, Швейцария, Чехия құрамалары жеңіске жетті.
Ойындар нәтижесі
18 мамыр
АҚШ — Германия 4:3
Швеция — Словения 6:0
Аустрия — Швейцария 0:9
Чехия — Италия 3:1.
Қазір А тобында Швейцария 12 ұпаймен көш бастап тұрса, Финляндия мен Аустрия — 9, АҚШ — 3, Мажарастан мен Латвия -3, Германия -1 ұпай еншілесе, Мажарстан, Ұлыбританияның ұпай қоржыны бос.
Ал В тобында Чехия 10 ұпаймен көш бастап тұрса, Канада — 9, Словакия — 8, Швеция мен Норвегия -6, Словения — 3 ұпайға ие болса, Дания мен Италия әлі ұпайға қол жеткізген жоқ.
16 мамырда өткен ойындарда Канада — 28, Ресей (КСРО) — 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция — 11, Финляндия — 4, АҚШ — 2, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Айта кетсек, биыл Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды.