Бүгін Канвон Олимпиадасында қазақстандықтар жалғыз спорт түрінен сынға түседі

КАНВОН. KAZINFORM – 28 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жалғыз спорт түрінен сынға түседі.

Фото: Сали Сабиров

Атап айтсақ, қазақстандық ойыншылар 28 қаңтарда керлингтен аралас жұптық сында өнер көрсетеді.

Аталған бәсекеде Қазақстан намысын Ибрагим Тастемір мен Мерей Тастемір қорғайды.

Олар германиялық құрдастарымен шеберлік байқасады.

Жарыс Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін қос ойыншымыз Аустрия құрамасындағы Эмма Мюллер мен Луис Хайнхичке қарсы ойында 4-5 есебімен жеңіліп қалды

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.

Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.