Бүгін қай қалалардың ауасы ластанады

Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктердің болжауынша, бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді. 

— 2026 жылғы 13 қаңтарда Алматы қаласында, түнде Қостанай қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазгидромет 13 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірде ескерту жасады.