— Бүгін қазақ елі үшін үлкен мереке деп ойлаймын. Тарихымызда алғаш рет Құрылтайға сайлау өтіп жатыр. Халқымыз өзінің белсенділігін көрсетіп, сайлауға келіп, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, — деді Дания Еспаева.
Партия төрағасының айтуынша, азаматтардың саясатқа деген қызығушылығы мен белсенділігін сайлауалды науқан кезінде де артқанын атап өтті. Оның сөзінше, жеті партияның барлығы сайлаушылардың назарын аударып, дауысын алу үшін белсенді жұмыс жүргізді.
— Біз бұған дейін де бірнеше сайлауға қатыстық. Өзіміз қалыптастырған жұмыс жүйесі бар. Сондықтан барлық өңірде белсенді жұмыс жүргізілді, — деді Дания Еспаева.
Айта кетейік, Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын жазған едік.