Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Венгриямен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 9 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Венгриямен жолдастық матч өткізеді.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу Венгрия астанасы — Будапешт қаласындағы стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:00–де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін екі құрама екі мәрте кездескен еді. 2014 жылы 8 маусымда сырт алаңда өткен кездесуде отандастарымыз қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберсе, 2018 жылы 24 наурызда өткен тағы бір жолдастық кездесуде 3:2 есебімен жеңген еді. 

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де — «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де — «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Армениямен өткен жолдастық кездесуде 1:1 есебіне қанағат білдірді.