Бүгін Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Даниямен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы төртінші ойынын бүгін Данияға қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 23:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Екі құрама бұған дейін алты мәрте шеберлік байқасты. Оның екеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанына қарсыласына есе жіберді.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4) есе жіберсе, Дания АҚШ-тан (0:5), Швейцариядан (2:5) және пен Чехиядан (2:7) жеңілді.
Дания құрамасының хоккейшілері
Қақпашылар: Себастьян Дам («Клагенсфюрт»), Фредерик Дичов (ХВ-71).
Қорғаушылар: Андерс Кох («Киекко-Эспоо»), Николас Йенсе және Филлип Браггиссер (екеуі - «Бремерхавен»), Йеспер Йенсен («Клагенсфюрт»), Матиас Лассен («Мальмё»), Маркус Лауридсен («Франкфурт Лёвен»), Оливер Лауридсен (ТПС).
Шабуылшылар: Оскар Фискер Мольгорд (ХВ-71), Кристиан Вейс («Бремерхавен»), Мортен Поульсен и Матиас Бау Хансен (екеуі - «Хернинг Блю Фокс»), Йоахим Блихвельд («Таппара»), Никлас Йенсен («Рапперсвиль-Йона»), Николай Мейер («Олимпия»), Миккель Огорд («Шеллефтео»), Ник Олесен («Ческе-Будеёвице»), Патрик Расселл («Линчёпинг»), Александр Тру (МОДО), Матиас Фром («Клагенсфюрт»).
Сондай-ақ бүгін В тобында 19:00-де АҚШ пен Норвегия шеберлік байқасады.
Ал А тобында сағат 19:20-да Словакия мен Франция, 23:10-да Латвия мен Швеция шеберлік байқасады.
Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13-ші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2021 жылғы оныншы орын.