Бүгін Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 18-ші орынға сырғыды

Фото: Сали Сабиров

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бүгін жалпы медальдар кестесінде 18-ші сырғыды.

Әзірге Қазақстан қоржынына 1 алтын, 2 қола медальдан басқа жүлде түспей тұр. Ал, жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көшбасшылықты берер емес. Олар алтын медальдар санын 11-ге жеткізді. Одан бөлек 7 күміс, 4 қола жүлдесі бар. Бүгін екінші орынға жарыс қожайындары Франция көтерілді. Олардың еншісінде әзірге 8 алтын, 11 күміс, 8 қола бар. Ал үздік үштікті 8 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлдемен Жапония құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 5 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медальға қол жеткізген елдер саны 45-ке жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашыларымыз 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салуда.