Бүгін Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері 2026 жылғы 5 сәуірде Қытайдағы «Қаза тапқандарды еске алу» — Цинмин күніне байланысты жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының кеден қызметі жанындағы РФ кеден қызметінің өкілдігінде хабарланды.

Фото: ҚР Қаржы министрлігі

Тек Достық пен Алтынкөл теміржол пункттері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Жабылу келесі автокөлік өткізу пункттеріне әсер етеді:

  • Бақты (Абай облысы)
  • Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы)
  • Достық және Нұр Жолы (Жетісу облысы)
  • Көлжат (Алматы облысы)

Қытаймен шекарадан өтуді жоспарлағандар, оның ішінде туристер мен автокөлік жүргізушілер уақыт шектеулерімен алдын ала танысқаны жөн.

Еске сала кетейік, ақпан айында үкімет Қытаймен жүк тасымалы көлемін ұлғайту мәселесін талқылап, өткізу пункттерінің жұмысын кеңейтуге назар аударған болатын.

Ақтөбе облысында тағы екі шекара бөлімшесі салынуы мүмкін. Бірі Әйтеке би ауданы «Әйке», екіншісі Мәртөк ауданы «Қиялы» бөлімшесі. Жоба сәуір айында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.