Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда бақ сынап жатыр. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.
Бұл турдағы негізгі кездесу «Ақтөбе» - «Ордабасы» арасында өтеді. Шымкенттік команда биыл алдына чемпион болуды мақсат етіп отырса, ақтөбелік клуб доп додасын үздік төрттікте аяқтауды көздейді.
Премьер-Лига, ХХІІІ тур ойындары:
17 қазан
15:00. «Оқжетпес» - «Қызылжар»
16:00. «Жетісу» - «Қайсар»
17:00. «Тобыл» - «Жеңіс»
19:00. «Ақтөбе» - «Ордабасы»
18 қазан
15:00. «Алтай» - «Атырау»
16:00. «Елімай» - «Ұлытау»
18:00. «Қайрат» - «Ертіс»
19:00. «Астана» - «Каспий».
Айта кетсек, жиырма жетінші турдан кейін 64 ұпаймен «Ордабасы» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 60, «Астананың» 51 ұпайы бар.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Атырау» өз алаңында «Елімайға» есе жіберді.
https://kaz.inform.kz/news/kpl-atirau-oz-alaninda-elmayga-ese-zhberd-ef461d58/