Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХVІ тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы ойындар 3, 4 және 5 шілде күндеріне белгіленген.

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Бүгін, 3 шілдеде бір кездесу өткізілсе, 4 шілдеде екі, 5 шілдеде төрт ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, ХІІІ тур ойындары:

3 шілде

19:00. «Астана» — «Жеңіс»
4 шілде
17:00. «Алтай» — «Тобыл»
18:00. «Қызылжар» — «Елімай»
5 шілде
19:00. «Атырау» — «Каспий»
19:00. «Ақтөбе» — «Жетісу»
20:00. «Қайсар» — «Ертіс»
20:00. «Ордабасы» — «Ұлытау».

Бұл турдағы алдын-ала 27 маусымда өткізілген ойында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 еесбімен есе жіберді.

Айта кетсек, он алтыншы турдан кейін 39 ұпаймен «Қайрат» көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 37, «Оқжетпестің» 27 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді.