Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында үшінші тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы ойындар 20, 21 және 22 наурыз күндеріне белгіленген.
Бүгін, 20 наурызда төрт кездесу өткізілсе, 21 наурызда үш, 22 наурызда бір ойын болады.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.
Премьер-Лига, ІІ тур ойындары
20 наурыз
15:00. «Қызылжар» — «Ертіс» (youtube KFF League)
16:00. «Атырау» — «Жеңіс» («Qazsport»)
18:00. «Ордабасы» — «Қайсар» («Qazsport»)
19:00 «Астана» — «Тобыл» (SPORT+)
21 наурыз
14:00 «Оқжетпес» — «Ұлытау» (youtube KFF League)
15:00 «Жетісу» — «Қайрат» («Qazsport»)
17:00 «Ақтөбе» — «Елімай» («Qazsport»)
22 наурыз
15:00. «Алтай» — «Каспий» («Qazsport»).
Екінші турдан кейін 6 ұпай жинаған «Қайрат» бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Астана», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Ұлытау» командаларының төрт ұпайы бар.