Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 13-тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады.
Аталған тур 21 және 22 маусым күндері өтеді. Бүгін 5 ойын болса, жексенбіге 2 кездесу белгіленген.
Бүгін сағат 18:00–де «: Жеңіс» (Астана) мен «Атырау», «Қайрат» (Алматы) пен «Қызылжар» (Петропавл) ойнайды.
Ал 20:00–де «Елімай» (Семей) мен «Тұран» (Түркістан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:30–да «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.
Ал 22 маусымда 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, қазір көш басында 30 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 27, «Ақтөбенің» 26 ұпайы бар.
Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат») 8 голмен көш басында тұрса, одан кейін Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Марин Томасов («Астана») 7, Айбар Жақсылықов («Қайсар») 6 гол соғып үлгерді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Каспий» көш басына шықты.