Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

Фото: Kffleague.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында бес ойын өтеді.

Бүгін, 12 шілдеде сағат 17:00–де «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Елімай» (Семей) ойнайды. Ал 20:00–де «Тұран» (Түркістан) мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады.

Ал 13 шілдеде 18:00–де «Жеңіс» (Астана) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау), 20:00–де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Астана» ойнайды.

Бұл турдағы алдын ала өткізілген ойындарда 16 сәуірде алматылық «Қайрат» «Атырауды» 4:0 есебімен жеңсе, 14 мамырда қызылордалық «Қайсар» «Ақтөбеге» 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, қазір көш басында 37 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 36, «Ақтөбенің» 32 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Назми Грипши («Астана») 8 голмен көш басында тұрса, одан кейін Ислам Чесноков («Тобыл»), Марин Томасов («Астана»), Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 7 гол соғып үлгерді.

Еске салсақ, футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 13-турында «Шахтер» қатарынан екінші рет жеңіліп қалды.