Бүгін Қазақстанда жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. KAZINFORM – 28 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон мен соған байланысты фронталды бөліктердің әсері сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Көптеген өңірлерде жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
Солтүстікте қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.
- Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сондай-ақ бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары болады, - деп жазды синоптиктер.
Жоғары өрт қаупі:
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,
Павлодар облысының шығысында,
Атырау облысының солтүстік-шығысында,
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
Ақтөбе облысының оңтүстігінде.
Төтенше өрт қаупі:
Түркістан, Қызылорда облыстарында,
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында,
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында,
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында,
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында,
Алматы облысының солтүстігінде,
Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде.
Мамандар азаматтарды ауа райы болжамына назар аударып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.