АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана», «Ордабасы» мен «Тобыл» қарымта ойын өткізеді.
«Астана» Қазақстан уақытымен 19:00-де Алматы қаласында Молдованың «Милсами» командасымен шеберлік байқасады.
«Милсами» 2005 жылы құрылған. 2014 жылы ел чемпионы атанды. Молдованың екі дүркін Кубок иегері болды.
Команданың бас бапкері Игорь Пикащук бірнеше жыл бұрын қазақстандық «Ақжайықты» Қазақстан кубогының финалына дейін алып шыққан.
Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін футболдан Украина құрамасының бұрынғы қақпашысы Максим Коваль «Елімай» сапына қосылғанын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.