Бүгін қазақстандықтарды қандай күн райы күтіп тұр

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 7 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.

Синоптиктер мәліметінше, солтүстік антициклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, сол себепті бүгін негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

— Еліміздің солтүстігінде, орталығында фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қардың жаууы күтіледі. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік батыста, орталықта — жаяу бұрқасын күтіледі, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын 7 ақпанда Астанада және республиканың 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны белгілі болды.