Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Өңір бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.