Бүгін Қызылордада күн күрт ысиды
06:47, 15 Мамыр 2025
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Синоптиктер Қызылорда облысында күннің күрт ыситынын айтып отыр.
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, 15 мамыр күні күндіз Қызылорда облысында ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Осы орайда облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.
Бұған дейін біз «Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы төмендейтінін болжағанын жазғанбыз.