Бүгін күн райы қалай болады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» синоптиктері 25 сәуір, сенбі күні ел өңірлерінде күн райына болжамын ұсынды.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Синоптиктердің мәліметінше, Астана қаласында күн құбылмалы, бұлтты болады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 9… 11°C, күндіз 24… 26°C болады.

Алматы қаласында күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде 9… 11°C, күндіз 22… 24°C.

Шымкент қаласында жауын-шашын болмайды, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде 11… 13°C, күндіз 27… 29°C.

Ақтау қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 8… 10°C, күндіз 13… 15°C.

Ақтөбе қаласында күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Температура түнде 2… 4°C, күндіз 12… 14°C.

Атырау қаласында жаңбыр жауады, жел 9–14 м/с. Температура түнде 7… 9°C, күндіз 14… 16°C.

Жезқазған қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде 11… 13°C, күндіз 25… 27°C.

Қарағанды қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде 5… 7°C, күндіз 23… 25°C.

Көкшетау қаласында жаңбыр жауады, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде 10… 12°C, күндіз 22… 24°C.

Қонаев қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде 9… 11°C, күндіз 23… 25°C.

Қостанай қаласында жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с. Температура түнде 4… 6°C, күндіз 14… 16°C.

Қызылорда қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде 13… 15°C, күндіз 30… 32°C.

Павлодар қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде 8… 10°C, күндіз 26… 28°C.

Петропавл қаласында жаңбыр, найзағай, жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Температура түнде 8… 10°C, күндіз 18… 20°C.

Семей қаласында күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Температура түнде 5… 7°C, күндіз 21… 23°C.

Талдықорған қаласында жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Температура түнде 6… 8°C, күндіз 24… 26°C.

Тараз қаласында жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде 10… 12°C, күндіз 27… 29°C.

Түркістан қаласында жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде 12… 14°C, күндіз 30… 32°C.

Орал қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде 3… 5°C, күндіз 9… 11°C.

Өскемен қаласында жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Температура түнде 4… 6°C, күндіз 20… 22°C.

Бұған дейін алдағы демалыс күндері ел аумағында үсік жүруі мүмкін екені хабарланған болатын.

Осыған дейін алдағы үш күннің ауа райы болжамын жарияладық.