Бүгін күн райы қандай болады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды. 

Атициклон жотасы еліміздің терриориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. 

- Тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бұрқасын болып, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ Алматы облысындағы тауларда көшкін жүруі мүмкін екенін жазған болатынбыз