Бүгін он қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 26 қаңтарда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.