Бүгін оңтүстік аймақтарда жел күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 18 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қармен бірге жаяу бұрқасын жүреді.

«Күндіз Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі», — деп жазды ведомстводан мамандар.