Бүгін республика бойынша тұман түседі – Қазгидромет
04:07, 23 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады. Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады.