Бүгін республиканың басым бөлігінде қарлы боран соғады - Қазгидромет

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет РМК ел аумағында 15 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Дерекке қарағанда, еліміздің аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды. 

- Республиканың басым бөлігінде қарлы боран соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша – желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте, батыста – көктайғақ күтіледі, - деп жазды синоптиктер.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейетінін ескерткен.