Бүгін тағы Алматыда ауа ластанады

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін тағы Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«2024 жылғы 11 қарашада Алматы қалаcында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.