Бүгін Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия біріншілігі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Құрлықтық додада Қазақстанның атынан 8 спортшы сынға түседі. 

Фото: olympic.kz

Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Ал, топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан бақ сынайды. 

Айта кетелік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық лицензия ойнатылады. 

Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.