Бүгін тек бір қалада ауа сапасы төмендейді
06:44, 03 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
— 2025 жылғы 3 мамырда түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазгидромет синоптиктері 3 мамырда республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауатынын, екпіні күшті жел соғатынын және үсік жүретінін болжады.