Бүгін тек бір қаланың ауа сапасы нашарлайды
07:30, 04 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 4 наурызда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қазгидромет бұған дейін 4 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.