Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
06:47, 24 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 24 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұдан бұрын Ауа сапасы нашарлаған қалалар саны күрт артқаны хабарланды.