Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 29 мамырда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай мен Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қазгидрометтің мәліметінше 29 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр.
Синоптиктердің болжамы бойынша, кейбір өңірлерде, күн райы бұзылып, түнде үсік жүреді, кей өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар.