Елдің батысы мен оңтүстігінде — жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жекелеген өңірлерде — −1…−4°C дейін үсік, шаңды дауыл және 23–28 м/с дейінгі қатты жел күтіледі.
Астана — түнде 1°C дейін үсік күтіледі.
Алматы — түнде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр.
Шымкент — түнде жаңбыр, найзағай, дауыл, жел екпіні 15–20 м/с.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілетінін жаздық.