Бүгін түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 25 сәуірде елімізде болатын метеорологиялық жағдайға болжам жасады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеожағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.