Жарыстың аталған сатысында «Арсенал» (Англия) мен «Бавария» (Германия) ойнайды. Кездесу «Qazaqstan» телеарнасынан 9 сәуірде тікелей эфирде 23:45-те көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 2017 жылы Халықаралық чемпиондар кубогы турнирінде кездескен еді. Ол жолы англиялық клуб 2:1 есебімен басым түсті.
Сол жылы Чемпиондар лигасы 1/8 финалында «Арсенал» аталған қарсыласынан екі мәрте 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.
«Арсенал» 2010 жылдан бері 1/8 финалда аса алмай жүрген болатын. Өткен маусымда ширек финалға дейін жетті.
«Бавария» кейінгі бес жылда тұрақты түрде ширек финалға шықты. 2019/2020 жылдарда аталған турнирдің жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, бүгін «Реал Мадрид» (Испания) пен «Манчестер Сити» (Англия) ойнайды. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан 9 сәуірде тікелей эфирде 23:45-те көрсетіледі.
Екі команда былтыр аталған турнирдің жартылай финалында жолықты. Бұл жолы ағылшындық клуб қарсыласын (4:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті.
Испаниялық клуб соңғы он жылда бес мәрте Чемпиондар лигасында бас жүлдеге қол жеткізді. Өткен маусымда 1/2 финалдан сүрінді.
Ал «Манчестер Сити» өткен маусымда тұңғыш мәрте Чемпиондар лигасында кубокты төбесіне көтерді.