Бүгін түнде құтқарушылар жолда тұрып қалған екі көлікті құтқарып, жоғалған малшыны тапты

Фото: فوتو: ب ق و توتەنشە جاعدايلار دەپارتامەنتى

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін түнде болған бірнеше оқиға туралы хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысы Арқалық қаласы маңында жергілікті маңызы бар «Арқалық-Ашутасты» автожолында боранда адамдары бар 2 жеңіл автокөлік жолда тұрып қалған.

ТЖМ құтқарушылары «Toyota Hilux» автокөлігінің көмегімен көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.

Ал Қарағанды облысында 112 пультіне Ақтоғай ауданының «Менеш» қыстағынан машинамен мал іздеуге шыққан 1970 ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар жоғалған адамды тапты және ол аман.

Сондай-ақ түнде Алматының Жангелдин көшесі бойындағы гүл дүкендерінің бірінде өрт болды. ТЖМ күштері 150 шаршы метр алаңда өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның бірқатар өңірінде қарлы боран соғып, көктайғақ болатынын ескерткен еді.