ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен іздестіру жұмыстарына аттанып, екі сағаттан кейін жоғалғандарды тапты. Олар адасып кеткендерін айтты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Жолғалғандар Достық ауылына жеткізілді.
Сондай-ақбүгін түнде Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында 20 шаршы метр алаңда шөп жанды.
Қабылданған шаралардың арқасында шаруашылық ғимараттарына өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ал Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында шипажайдың 3 қабатты ғимаратында, 1-қабатта моншаның қаптамасы жанды. ТЖМ күшімен өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 22 адам өз бетінше далаға шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Осыған дейі Абай облысында жер үй өртеніп, жоғалған малшы табылғаны туралы хабарлаған едік.