Биыл қазақстандық командалар арасында алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасында сынға түседі.
Ал «Астана» және «Елімай» Конференция лигасы бірінші кезеңінен бастаса, «Тобыл» жарысты екінші кезеңде алғашқы қарсыласымен кездеседі.
Жеребе тарту рәсімі Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған. Салтанатты шара Швейцарияның Ньон қаласында болады.
Алматылық клубтың ықтимал қарсыластары қатарында «Левски» (София, Болгария). «Кауно Жальгирис» (Каунас, Литва), «Сутьеска» (Черногория), «Дьёри ЭТО» (Дьёр, Мажарастан), «Эгнатия» (Албания), «Макслайн» (Витебск, Беларусь), «Атерт-Биссен» (Люксембург) клубтары бар.
Сондай-ақ семейлік клубқа алғашқы кезеңде «Милсами» (Орхей, Молдова), «Жальгирис» (Вильнюс, Литва), «Зиря» (Әзербайжан), «Алашкерт» (Армения), БАТЭ (Борисов, Беларусь), елордалық командаға «Силекс» (Кратово, Македония), «Динамо Сити» (Тирана, Албания), «Виртус» (Сан-Марино), «Морнар» (Бар, Черногория), «Марсашлокк» (Мальта) қарсылас атануы мүмкін.
Чемпиондар лигасында алғашқы кезең 7-8 және 14-15 шілде күндері болады.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда негізгі кезеңде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Ал Конференция лигасында бірінші ойын 9 шілдеде, қарымта кездесу 16 шілдеде өтеді.