Бүгін Үкімет отырысында қай мәселе көтерілмек

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін сағат 10:00-де Үкіметтің кезекті отырысы басталады. Онда еңбек нарығын дамыту және цифрландыру тақырыбы қаралады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың I тоқсанында республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%-ы) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар — 2 142,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,1%-ы).

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Еске салсақ, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждермен әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны артты

Фото: Үкімет

Айта кетейік, Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихаты Үкіметтің YouTube ресми арнасы мен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, Қазақстанның еңбек нарығына жасанды интеллект қалай әсер ететінін жазған едік.