Бүгін Ұлттар лигасында Қазақстан елордада Молдовамен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы үшінші турында Қазақстан құрамасы елордада Молдованы қабылдайды.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу бүгін, 2 қазанда «Астана-Арена» стадионында Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Бұл ойынға румыниялық төрешілер бригадасы бекітілген.

Бас төреші міндеті Мариан Барбуға жүктелсе, оған отандастары Мирча Григориу мен Имре Бучи көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Джордже Роман.

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түссе, Словакияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте кездескен еді. Оның ішінде отандастарымыз төрт мәрте жеңіске жетіп, біреуінде тең түссе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Қазақстан құрамасы

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Кайрат»).

Шабуылшылар: Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).

Молдова құрамасы

Қақпашылар: Дмитрий Челядник («Қызылжар», Қазақстан), Андрей Кожухарь («Азия Талас», Қырғызстан), Эмиль Тымбур («Шериф»).

Қорғаушылар: Олег Рябчук («Андерлехт», Бельгия), Иоан-Цэлин Ревенко («Петрокуб»), Владислав Бабогло («Карпаты», Украина), Даниел Думбравану («Волунтари», Румыния), Михаил Герасименков («Ванкувер Уайткэпс», Канада), Михаил Штефан («Динамо» Самарқанд, Өзбекстан), Юрие Иову («Данди Юнайтед», Шотландия), Кэтэлин Кукож («Петрокуб»).

Жартылай қорғаушылар: Вадим Раца («Арджеш», Румыния), Никита Моцпан («СКА-Хабаровск», Ресей), Виктор Стына («Кяпаз», Әзербайжан), Кристиан Дрос («Влазния», Албания), Штефан Бодиштяну («Ботошани», Румыния), Серафим Кожокарь («Петрокуб»), Сергей Перчун («Асколи», Италия), Ники Клешченко («Килмарнок», Шотландия), Данила Форов («Шериф»), Владимир Фратя («Шериф»), Овидиу Давид («Петрокуб»).

Шабуылшылар: Вирджилиу Постолачи («Брисбен Роар», Австралия), Дмитрий Мандрыченко («Динамо» Батуми, Грузия), Петру Попеску («Петрокуб»).

Жалпы, қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.