Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.  

- 2025 жылғы 17 маусымда Өскемен, Алматы, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазгидромет 17 маусымдағы ауа райы болжамын жариялап, ескерту жасады.