Бүгін үш қалада ауаның ластануы жоғарылайды

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК үш қалада ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.

— 2025 жылғы 12 қазанда Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Өскемен қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.