Бүгін жел күшейіп, қар түседі - Қазгидромет
06:19, 17 Желтоқсан 2023
Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», — деп жазды ведомстводан.
Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсернен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз сақталады.
ҚР бойынша желдің күшеюі болжануда.