Бүгін жеті қалада ауа сапасы төмендейді

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 27 желтоқсанда Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қаласында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.