Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Әзербайжанның Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мүбариз Гурбанлы айтқан.
Оның сөзінше, кейінгі 20 жылда елде 435 мешіт салынып, пайдалануға берілген.
- Қазіргі уақытта басқыншылардан азат етілген аумақтардағы діни ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Армяндар исламға ғана емес, христиан және басқа да діндерге қарсы вандализм әрекеттерін жасады, - деді комитеті басшысы.