Бүгінгі доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 496,51 теңге, сату — 499,46 теңге;
— еуро: сатып алу — 584,45 теңге, сату — 590,04 теңге;
— рубль 6,36 — 6,46 теңге аралығында саудаланады.
— юань 69,87 — 72,92 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 496,00 теңгеден сатып алынады, 503,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 581,00 теңге, сату — 591,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,70 теңге;
— юань 71,65 теңгеден сатып алынады, 75,78 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 4,89 теңгеге қымбаттап, 494,66 теңге болды.