Бүгінгі доллар бағамы қандай

Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 505,35 теңге, сату - 509,18 теңге;
- еуро: сатып алу - 590,73 теңге, сату - 597,44 теңге;
- рубль 6,33 - 6,47 теңге аралығында саудаланады.
- юань 72,20 - 74,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 503,00 теңгеден сатып алынады, 510,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,32 теңге, сату - 6,52 теңге;
- юань 72,55 теңгеден сатып алынады, 77,01 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 29 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,52 теңгеге қымбаттап, 504,76 теңге болды.