АСТАНА. KAZINFORM - Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағынан жолға шығып, Қазақстанның елордасы – Астанаға дейін атпен жетуді мақсат еткен Қуатбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы ұзақ сапарын жалғастыруда, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Тарбағатай аймағына қарасты Сауан ауданынан 8 тамыз күні жолға шыққан жас жұбайлар бір айға жуық уақытта мың шақырымнан астам жолды артқа тастады.
Айта кетейік, Бұл Қуатбек пен Жайнаның бірінші алыс сапары емес. Қол ұстасқан қос ғашық 2021 жылы Шыңжаңнан жолға шығып, 4 000 шақырымдай жолды атпен 74 күнде жүріп өтіп, Бейжіңге барған екен.
Ризабек Нүсіпбекұлы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.