«Сонымен қатар, жануардың қай түрге және оның ішінде қандай түршеге жататындығын анықтау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтына сауал жіберілді», - деп айтылады ҚазАқпараттың ресми сауалының жауабында.
Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған видео қолданушылардың наразылығын тудырды.
Кейбіреулердің болжауынша, видеода өлтірілген жануар - ҚР Қызыл кітабына енген тоғай бұғысы. Бүгінде Қазақстанда ондай небәрі 716 бұғы бар.