Бұхарада жаңа аэровокзал салынады

ТАШКЕНТ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстанның танымал туристік орталықтарының бірі – ежелгі Бұхара қаласы көркейе түспек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнда қаламен аттас жаңа аэровокзал құрылысы бой көтермек. Ол халықаралық әуежай жанынан салынады. Жаңа жолаушылар терминалын салудағы мақсат ? ұшып келетін әуе кемелерінің санын арттыру. Құрылыс Біріккен Араб Әмірліктері бөлген 15 млн. доллар қаржы есебінен жүзеге асырылады.