Еске салайық, 31 қазан күні түнде Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен. Оқиға кезінде клубта 500-ге жуық адам болған. Өрт шығу себебі Goodbye to Gravity тобының өнер көрсетуі барысында қолданылған отшашу болған. Қазіргі сәтте Бухарестегі клиникаларда оқиғадан зардап шеккен 44 адам емделуде, дәрігерлер тарапынан олардың 13-інің жағдайы ауыр, ал 7 аса ауыр күйде деп бағаланып отыр. Шетелдерде 28 адам емделуде.