Румыния астанасындағы түнгі клубтардың бірінде болған жарылыстан 25 адам қаза тауып, 88 адам жараланды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Гебриэл Опреа мәлім етті, деп хабарлады Reuters.
Қазір оқиға орнында бірнеше жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуде. ІІМ орынбасары Раед Арафаттың айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Фото: REUTERS 2015